«Тәніңмен тату бол» денеге бағдарланған психотерапиялық кездесу тобы

Кездесу тобы не туралы?

Дене адам психикасының жалғасы. Сол себепті де өмірімізде болатын оқиғалардан, өзгерістерден туатын сезімдер мен эмоциялардың барлығы біздің денемізде сақталып қалады. Ал егер тәнімізге терең әсер етсек, жанымызды сауықтырып, қанағаттану сезіміне ие боламыз.

Кездесу тобының мақсаты:

Топта өз денеңізбен барынша кең байланысқа түсіп, онымен сенімді қатынас орнатудың психологиялық жолдарын зерттейміз

Кездесу тобында қандай сұрақтар қарастырылады:

  • Сіздің ақыл-ойыңыздың денеңізге әсері
  • Денеңіздегі қысымдардың сіздің психикаңызға әсері
  • Сіздің қимыл-қозғалысыңыздан айналадағы адамдар қандай ақпаратты «оқиды»?
  • Сезімдер мен эмоциялардан қашып құтылуға тырысудың денеге тигізетін әсері мен салдары
  • Аяғыңызда нық тұрғаныңызды сезінбеудің психологиялық астары
  • Адамның өзіне сенімділігі мен тәнінің арасындағы байланыс
  • Денсаулығыңызға байланысты сұрақтар: бастың жиі ауыруы, аяқ-қолдың тартылуы, тыныс алудың бұзылуы, көздің көруінің нашарлауы және т.б.
  • Денеңіздің «тегіс жерден сүрініп» тепе-теңдікті жоғалтуы
  • Адамдармен қарым-қатынас орнату қиындықтары
  • Кәсіби жетістікке жетудегі қиындықтар

Кездесу тобына қатысу сізге не береді?

  • Денеңізде жылдар бойы қалыптасқан қысымдармен жұмыс жасау тәсілдерін үйренесіз
  • Сезімдер мен эмоцияларды тәніңізбен табиғи қабылдау мен көрсетуді қалпына келтіру
  • Өз бейнеңізді сол қалпы қабылдау құндылығы қалыптасады
  • Тәніңізбен терең «достық» қатынас орнату арқасында адамдармен қарым-қатынасқа түсудің жаңа стратегиялары мен тактикаларын игересіз
  • Қандай жағдай болса да, денеңізге, яғни өзіңізге сенімді болып қалу тәсілдерін меңгересіз

Ұйымдастыру:

Жабық топ: 6 - 12 адам

Мерзімі мен уақыты: 5 ай (айына - 2 рет, әр кездесу - 3 сағат)

Қатысу бағасы: 8000 тг (әр кездесу үшін)

 

Өтетін қала: Астана

Тренер: Жаңагүл Қайырова, психолог, денеге бағдарланған психотерапия маманы, арт-терапевт

 

«Тәніңе тереңде!»

 

Телефон: 8 777 146 1414

www.uilesim.kz

Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.