"Үйлесім" тренинг орталығы шақырады!
"Тәніңе тәнті бол"
денеге бағдарланған психотерапиялық тренингі
10-11 тамыз 2024
"Тәні саудың жаны сау" немесе "Көз - адамның айнасы" деген қанатты сөздерді жиі айтамыз. Олардың мәніне үңіліп қарасаңыз, шынымен де тән мен жанның бір-бірінен ажырамас ұғым екенін көреміз. Алайда, біздің мәдениетте дененің көп бөлігіне тыйым салынған деуге болады.
Ол қайдан, қашан пайда болды, онымен өмір сүру бізге қаншалықты қиын немесе жеңіл? Денемен жұмыс жасайтын психотерапияда осы және басқа сұрақтарға жауап іздейміз!
Яғни денеге әсер ету арқылы психикалық сауығуға, өзгеруге қол жеткізу. Бұл жерде денеге тікелей ықпал ету сөз етілуде. Психикалық әсерленулерді денеге әсер ету арқылы сезіну. Денені ақылдың "түрмесінен босату", өзіне, әлемге сенуді қалпына келтіру.
Денеге бағдарланған психотерапия қандай жағдайда қажет әрі тиімді?
Өз денеңмен байланысты жоғалту. Дененің кейбір бөліктерінің сезімталдығының жоғалуы. Дененің үнемі ауырсынып, қысымда болуы. Қозғалыс белсенділігінің бұзылуына әсер еткен жарақат. Қозғалысты реттеу, шекараны сезіну мәселелері.
Дене сымбатының нашарлығы. Беймаза ахуал. Дене-психикалық дамудың тежелуі. Эмоциялық теңсізідк (эмоцияны көрсету мен тежеу қиындығы). Өмірде тұрақтылық байқалмайды. Зорлық-зомбылыққа душар болу. Ауыр қайғы, жақындарынан айрылып қалудан қорқу . Өлімнен қорқу.
Сезінетін немесе сезінбейтін психологиялық жарақат. Өзінен, сыртқы бейнесінен бас тарту. Салмақ мәселесі. Жыныстық қарым-қатынастан ләззат алмау. Жүкті болу, бала туу және тәрбиелеуге қатысты қорқыныштар.
Ұйқының бұзылуы. Күйзеліс, созылмалы күйзеліс жағдайы. Мазасыздық, қорқыныштар, фобиялар. Өмірдің дәмі мен қуанышын жоғалту. Созылмалы шаршаңқылық синдромы. Кәсіби күйреу. Өзін, жарақаттары мен ұстанымдарының себептерін түсінуге ұмтылыс. Зиян әдеттер. Дем ала алмау, тоқтаудан қорқу, қазіргі сәтпен өмір сүре алмау
Денемен жұмыс жасағанда денеге бағдарланған психотерапия не береді?
Мазасыздану деңгейін азайту, күйзеліске төтеп беруді арттыру, конфликтілік жағдайда қарсы тұру дағдыларын дамыту. Түрлі ауруларды жеңе білу, зат алмасуды қалпына келтіру, ұйқыны реттеу. Күш-қуат тепе-теңдігін қалпына келтіру, күш-қуат қабілетін, сезімталдықты, зейінді дамыту.
Иілгіштікті, ырғақтылықты арттырады, дене сымбатын, қозғалыс еркіндігі мен жүрісін жақсартады. Дене және әлеуметтік тұрғыдағы өзінің жеке шекарасын жақсы түсінуді, түйсінуді үйрету. Дене көрсеткен белгілер мен таңдауларға құлақ асуды әрі түсінуді үйрену.
Қабылдау шегін кеңейту. Жан жарасын жеңу білігін игеру. Жағымсыз әдеттерден арылу, ескірген стратегиялар мен мінез-құлық таптаурындарынан бас тарту.
Біртұтастыққа, тұрақтылыққа, қазіргі шақпен өмір сүруге, өзіне сенімділікке ие болу. Психологиялық жарақаттарды жазу, өткенді қабылдау, өзінің ішкі бағдары мен құндылықтарын түйсіну. Өзінің қайталанбастығын, сұлулығын, тазалығы мен даналығын қабылдау, мүмкіндіктерінің шексіздігін түсіну.
Тренингте осы және басқа да сұрақтарға жауап алу арқылы, өз өміріңізді жақсартуға мүмкіндік аласыз! Қатысушыға қатысушы сертификаты беріледі!
Тренингке қатысу үшін алдын ала жазылу керек. Төмендегі сатып алу батырмасы арқылы төлем жасасаңыз 15% жеңілдік беріледі.
«Үйлесім» тренинг орталығы өткізетін басқа да тренингтер мен семинарлар, шеберлік сабақтары жөнінде https://uilesim.kz cайтына кіріп қараңыз.
Тренер: Қайырова Жаңагүл Амантайқызы, оқытушы, психолог, тренер.
Тренингке жазылыңыз. : +7 (777) 146 14 14; +7 (7172) 420 589
Табиғатын тәніңнің талдай біл де, ұғын!
Бағасы 45000 тг
Сатып алу