“Арт-терапия негіздері” оқыту бағдарламасы.
1 модуль. “Арт-терапияға кіріспе”
23 - 25 қазан 2020
Соңғы жылдары елімізде психотерапия мен оның әдіс-тәсілдері, үлгілері қарқындап
дамып келеді. Оның ішінде арт-терапиялық әдістер психотерапияның түрлі бағытында жұмыс жасайтын мамандарды ғана емес, сондай-ақ психологияға, өнерге, мәдениеттануға, және өзінің немесе жақынының мәселесін өз күшімен шешкісі келгендерді де қызықтырады.
Арт-терапиялық оқыту мыналардан тұрады:
- Әлеуметтік, мәдени, саяси және институционалдық контексттермен тығыз байланыстағы өз алдына дербес психотерапиялық бағыт ретінде;
- Арт-терапияны белгілі бір теориялық көзқарастар жүйесі мен эмпирикалық жинақталған тәсілдер негізінде біріккен мамандар қауымымен байланысты кәсіби қозғалыс ретінде қабылдау;
- Арт-терапияның түрлі емдік-түзету факторларын талдау;
- Әрқайсысы көркемдік экспрессияның қарқынын, клиенттің мінез-құлқын және оның психотерапевтпен қарым-қатынасын бейнелеп, бір-бірінен туындайтын арт-терапиялық үдерісті сипаттау;
- жеке арт-терапия, топтық арт-терапия және арт-терапиялық топтың ерекшеліктерін сипаттау.
1 модуль мазмұны
- Арт-терапияның анықтамасы
- Негізгі ұғымдар. Арт-терапияның тұжырымдамасы.
- Арт-терапия тарихы
- Арт-терапиядағы психотерапиялық ықпал етудің негізгі факторлары
- Арт-терапиялық процесс және оның жүйелі сипаты
- Арт-терапиялық жұмыстың мақсаты мен міндеттері
- Арт-терапияда қолданылатын құралдар және олардың ерекшеліктері
Бағдарламаның ұзақтығы: бағдарлама 6 модульдан тұрады (барлығы 144 сағат). 1 модульдың ұзақтығы – 24 cағат. Оқыту реті: екі айда бір рет.
Сертификаттау: қатысушыларға әрбір өткен модуль үшін сағаттары көрсетілген оқыту сертификаты беріледі.
Бағдарлама аудиториясы: психологтар, педагогтар, әлеуметтік педагогтар, логопедтер, адаммен тікелей жұмыс жасайтын мамандар, өз өміріне тиімді өзгеріс енгізгісі келген кез-келген адам.
1 модульға қатысу ақысы:
- 35000 тг.
- Бағдарламаға кез-келген модульдан қосылуға болады.
Жеңілдіктер:
- “Қызықты психология” журналының оқырмандарына 10% жеңілдік қарастырылған.
- Сіз арқылы келген әр қатысушы үшін 5% жеңілдік аласыз!
- Алдын ала онлайн төлем арқылы сатып алсаңыз 15% жеңілдік беріледі.
Қатысу шығындары:
- Тренингке келіп қатысуды (жолақы, қонақүй, т.б.) қатысушы өзі немесе жолсапарға жіберген ұйым қаржыландырады.
Бағдарлама тренері:
- Жаңагүл Амантайқызы Қайырова, әлеуметтік ғылымдар магистрі, психолог, тренер, арт-терапевт, денеге бағдарланған психотерапия маманы, оқытушы.
Өту орны:
- Нұр-Сұлтан қаласы, “Евроцентр” БО, Сығанақ көш., 29, 1024 каб.
- Басқа қалалардағы (Алматы, Қарағанды, Шымкент, Ақтау, Атырау, Қызылорда, Өскемен, Семей) өту орындары тренинг өтер алдында хабарланады.
Байланыс:
- uilesim.kz
- Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
- +7 777 146 1414, +7 775 326 8292
Қатысу үшін алдын ала жазылыңыз!