Біздің тренерлер

Тренер туралы мәлімет

Қайырова Жаңагүл Амантайқызы

2008 жылдан бері "Үйлесім" тренинг орталығының директоры, әлеуметтік ғылымдар магистрі, психолог, тренер, арт-терапевт, денеге бағдарланған психотерапия маманы, оқытушы

Қала: Астана

Телефон: 8 (777) 146 14 14

E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Facebook: zhanagul_kaiyrova

Оқыту, психологиялық кеңес беру, тренинг, кәсіпкерлік саласындағы жұмыс өтілі 25 жылдан асады.

Еңбек өтілі

Бас редактор, "Қызықты психология" ғылыми-практикалық, танымдық-психологиялық журналы, 2008 жылдан бері

Бас редактор, "Практикалық психология" ғылыми-практикалық журналы, 2014 - 2015

Оқытушы, аға оқытушы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті — 2005 - 2014

"Әлеуметтік және гендерлік ғылыми-зерттеу" институты, ғылыми хатшы, "Теориялық және практикалық психология" кафедрасында оқытушы, "ҚазМемҚызПУ хабаршысы" журналы «Психология» сериясының редакторы.

Кіші ғылыми қызметкер, Ы.Алтынсарин ат. Қазақ білім академиясы — 2004-2005

"Тұлғаны әлеуметтендіру" институтының кіші ғылыми қызметкері.

Психолог, №140 М.Мақатаев ат. мектеп-гимназия — 2003 - 2004

Психологиялық ағарту, диагностика, кеңес беру, тренингтер жүргізу

Диагност-консультант, «Дарынды ұрпақ» ҮЕҰ ҚҰ — 1999

Психолог-кәсіпкер дипломы бойынша қызмет.

Білім

Е.А.Букетов ат. Қарағанды Мемлекеттік университеті — практикалық психолог, әлеуметтік қызметкер, 1998

Абай ат. Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, - психология магистрі, 2014

Қосымша кәсіби білім

Кіріктірмелі арт-терапия, Денеге бағдарланған кіріктірмелі психотерапия, Тренерлер тренингі, (Международная академия психологических наук, Қазақстан филиалы, 2014 - 2017), Тәуелді қарым-қатынастар (Свидетельство, Общероссийская профессиональная психотерапевтическая лига, 2018), Когнитивті-мінез-құлықтық психотерапия (Ассоциация когнитивно-поведенческой психотерапии, РФ, 2021) және т.б.

Ғылыми жұмыс

30-дан аса мақала авторы, "Терапевтік техника негіздері" дәрістер жинағы.

Маманданған тренингтер

"Арт-терапия негіздері", "Денеге бағдарланған психотерапия", "Тұлғаның қызметіндегі кәсіби күйреуінің алдын алу", "Өзіне қол жұмсаудың алдын алу", Жеткіншек психологиясы және т.б. бағыттардағы тренингтер тренері.

Жүзеге асырған жобалар

"Қызықты психология" республикалық ғылыми-практикалық журналы – басылым ұжымына басқару, тарату бойынша кеңестер

"Мектеп ұстаздарының әлемі" педагогтарға арналған республикалық журналы – басылым ұжымына құрылымы, мақсаты, миссиясы бойынша кеңестер

artpsy.kz сайты – cайт ұжымына басқару, құрылымы, миссиясы бойынша кеңестер

ustazdar-alemi.kz сайты – сайт ұжымына басқару, құрылымы, миссиясы бойынша кеңестер