"Үйлесім" тренинг орталығы шақырады!

ҚҰМ ТЕРАПИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ҚОЛДАНУ ПРАКТИКУМЫ: ЮНГТІК ЖӘНЕ ИНТЕГРАТИВТІК ТҰРҒЫ
тереңдетілген оқыту курсы

МОДУЛЬ

 

14 - 16 қараша 2024

            Құм терапиясы дегеніміз не? Терапияемдеу деген ұғымды білдірсе, ал құм терапиясы – бұл құммен емдеу, ол жерде ешқандай дәрі-дәрмек қажет емес. Аталған терапия 3 жастан бастап ересек адамдарға дейін жүргізіледі. Бала үшін құм терапиясы – өзін танытуға мүмкіндік. Ал, бала үшін құммен ойнау – өзі және өз проблемасы туралы айтудың, эмоциялық күйзелісті жеңудің, өз эмоциясын көрсетіп, оларды игере білудің ең бір табиғи жолдарының бірі. Мамандардың айтуынша, құм терапиясы адамды жағымсыз психикалық қуаттан, жағымсыз эмоциялар мен ойлардан тазартып, эмоциялық жағдайын жағымды қалыпқа келтіреді. Тіпті құм терапиясы адамның миында жаңа нейрондық жасушалар мен байланыстардың пайда болу мүмкіндігі бар деген де ғылыми болжам бар.

            ҚҰМ терапиясын жүргізу арқылы төмендегідей нәтижелер мен мүмкіндіктерге қол жеткіземіз:

- Құммен жұмыс жасау барысында сөзбен айтып жеткізе алмайтын ойлауы мен қобалжуларын сыртқа шығара алады.

- Құмда композиция құру арқылы іште туындаған қиын жағдайлары мен шығармашылық әлеуетін босатады.

- Сыртқы әлеммен үйлесімді әрі ынтымақты қарым-қатынасты орнатуды, өз сезімдерін еркін білдіруге мүмкіндік алады.

- Баланың ойлау қабілетін дамытады, зейінін арттырады.

Бағдарлама төмендегілерді қарастырады:

- құм терапиясының ерекшеліктерімен, оның жұмысын және процесін ұйымдастыруды;

- диагностикалық инструментарийді игеруді, ұсынылған техникаға енуде жеке тәжірибені игеруге;

- балалармен және ересектермен жұмыс барысында әдістерді қолдану ерекшеліктерімен таныстыру;

- құм терапиясының теориялық және клиникалық әдістерімен, әр түрлі мектептердегі тұжырымдарды қолдану жолдарымен танысу.

Бағдарлама 9 модульдан тұрады, барлығы – 200 сағат. «Құм терапиясына кіріспе», «Құм терапиясы: Балалар мен жеткіншектермен жұмыс» семинар-практикумы, «Психосоматика, симптом және дене: құм терапиясындағы практикалық жұмыс», «Құм терапиясындағы архетиптер: теориясы мен практикасы», Құм терапиясындағы түс көрумен аналитикалық жұмыс», «Sandplay терапевінің жұмысындағы тасымал және контртасымал», Sandplay терапиясы бойынша ЖЕКЕ ТЕРАПИЯДАН өту және курстың соңында құм терапиясы бойынша бітіру жұмысын қорғайды.

           

КУРС ТРЕНЕРІ

Бегалиева Нұргүл Үсейінқызы – Абай атындағы ҚазҰПУ-дың аға оқытушысы, психология ғылымдарының кандидаты, практик-психолог, клиникалық психолог, сертификатталған арт-терапевт, құм терапевті, Reset 1, 2 – инструктор-тренері. "Жантану мәселері / Вопросы психологии" республикалық ғылыми-әдістемелік, психологиялық журналының Бас редакторы. Практикалық тәжірибесі – 26 жыл.

 

Курсқа қатысушылар: психологтер, педагогтер, дефектологтер, логопедтер және басқа да құм терапиясына қызығушылық танытқандар.

Сертификаттау: Әр модуль бойынша академиялық сағаттары көрсетілген оқыту сертификаттары беріледі.

Басталуы: 14-16 қараша, 2024.

Форматы: Офлайн.

Қатысу ақысы: 65000 тг. (Банктер арқылы бөліп төлеу мүмкіндігі бар)

Өтетін орны: Астана.

 

Курсқа алдын ала хабарласып, жазылу керек.

Байланыс тел.: + 7 777 146 1414

E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Cайт: www.uilesim.kz

 

Курсқа тіркелу үшін мына форманы толтырып жіберіңіз

 

Бағасы 65000 тг

Скидка 5% при оплате на сайте

Төлем жасау