«Үйлесім» психология орталығы ұсынады
Қорқыныш, үрей, мазасызданумен жұмыстың арт-терапиялық техникалары
01 - 02 маусым 2024
ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Бағдарламаның ұзақтығы: бағдарлама тренинг түрінде өтеді (барлығы 16 сағат).
Оқыту реті: 2 күндік онлайн тренинг.
Сертификаттау: қатысушыларға сағаты көрсетілген оқыту сертификаты беріледі.
Бағдарлама туралы
Қорқынышпен, үреймен, фобиямен, мазасызданумен жұмыс жасауға арналған онлайн оқыту бағдарламасы.
Бағдарлама кім үшін
Психолог, педагог, әлеуметтік педагог, логопед, адаммен тікелей жұмыс жасайтын мамандар, өз өміріне тиімді өзгеріс енгізгісі келген тұлғалар.
Қорқыныш дегеніміз не?
Қорқыныш, үрей, мазасыздық бойыңызды биледі ме? Бұлар өмірді улайтын жағымсыз эмоциялар. Олар көбіне санатүбіне ығыстырылып, жарыққа шықпағандықтан адамның өзін түсінуіне, жайлы сезінуіне, басқалармен өзара қарым-қатынасына кедергі келдіреді. Психосоматикалық бұзылыстардың, жарақаттардың да себебіне айналады.
Бұл жағдайда психологқа, психотерапевтке жүгінген жөн бе? Әлде өзіңізге өзіңіз көмектесе аласыз ба? Бұл сұрақтар қазіргі уақытта көп адамды мазалайды.
Олай болса, олармен жұмыс жасап үйренуге шақырамыз.
Тренингте не болады?
Тренинг теория мен практикадан тұрады. Тренинг барысында қатысушылар қорқыныш, үрей, мазасыздықпен жұмыс жасауға көмектесетін психологиялық, психотерапиялық техникаларды өз бойларынан өткізіп, жасап көреді. Тренинг кезінде қатысушылар тренердің қолдауымен топтық және жеке терапевт ретінде тәжірибеден өтеді. Бағдарлама аяқталған соң қатысушыларға оқыту сертификаты беріледі.
Неліктен бұл бағдарламадан өтуіңіз керек
Өз кәсіби іс-әрекетіңізде қолдана алатын практикалық әдіс-тәсілдерді игересіз.
Біліктілігіңізді көтеру арқылы нарықтағы кәсіби бәсекелестігіңізді арттырасыз.
Қажетті техниканы меңгеру арқылы өміріңіздің сапасы әрі өзіңізге сенімділік артады.
Бағдарламаның артықшылықтары
Теория 20%. Практика 80%. Түсінікті әдіс-тәсілдер. Қарапайым техникалар. Жылдам нәтиже.
15 жылдан аса тәжірибесі бар психолог-тренер жүргізеді.
Тренингтен соң қосымша материал беріледі.
10-нан аса қорқынышпен, үреймен, фобиямен жұмыс жасаудың базалық техникалары беріледі.
Дағдарысқа бейімделіп бағасы төмендетілген арнайы бағдарлама сіз үшін аса пайдалы, тиімді болмақ.
Бағдарламадан соң Үйлесім Тренинг Орталығының оқыту сертификаты табысталады.
Келесі бағдарламаға қатысуға 10% жеңілдік беріледі.
Онлайн оқытудың артықшылығы
Сізге ыңғайлы жағдайда ұйымдастырылады
Өз үйіңізде, сүйікті диваныңызда отырып-ақ білім ала бересіз.
Материалдың қолжетімділігі
Вебинардан соң да жазбаны тегін көре аласыз.
Үнем
Уақытқа, көлікке, тамақтануға шығыныңыз шықпайды.
Сізге қамқорлық танытамыз
Денсаулығыңызға қатысты еш тәуекелге шалдықпайсыз.
Біз туралы
Үйлесім Тренинг Орталығы (UTO) - бұл психологиялық кеңес беру, тренингтер, семинарлар, дәрістер, шеберлік сабақтарын ұйымдастыратын орталық.
Тренер туралы
Жаңагүл Амантайқызы Қайырова.
Әлеуметтік ғылымдар магистрі, психолог, тренер, арт-терапевт, денеге бағдарланған психотерапевт, оқытушы, Ресейлік КБТ (когнитивті-бихевиористік терапия) ассоциациясының мүшесі.
Өтетін күні: 2024 ж. 01-02 маусым
Өтетін жері: Онлайн (Zoom бағдарламасы арқылы)
Банк реквизиттері
«Үйлесім» тренинг орталығы ЖК
ДСК KZ128562204101411382
«ЦентрКредитБанкі» АҚ Астана қалалық филиалы
БСК KCJBKZKX
ЖСН 770104450037
БЕК 19 ТТК 859
Төлем мақсаты: тренингке қатысу үшін
Сайт арқылы онлайн төлесеңіз 5% жеңілдік бар.
Қатысу үшін алдын ала жазылу керек!
Сұрақтарыңызды мында жолдаңыз
Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
87771461414
87172420589
https://uilesim.kz/konsultatsiya-psikhologa