«Үйлесім» психология орталығы ұсынады

Фототерапия

29 - 30 шілде 2024

Қазіргі уақытта көркем-бейнелік образдар арқылы өзін көрсету, сол арқылы жан-дүниесінің айнасын жұртқа паш ету заманы десек болады. Соның бір дәлелі суретке түсу де, түсіру де өте сәнге айналды. Замани әлеуметтік желілер де бұған өз үлестерін қосып келеді. Алайда, суретке түсу мен түсірудің көркемдік әсерімен қоса, психологиялық факторы да мол. Психологиядағы психотерапиялық бағыттың бірі арт-терапияның фототерапия бөлімі сол туралы.

Бұл оқыту курсында фотографияны емдік, түзетуші, дамытушы құрал ретінде қолданудың түрлі формалары мен нұсқалары қарастырылады. Фотосуретті психологиялық денсаулықты сақтаудың тиімді технологиясы ретінде практикалық психологтар, педагогтар, әлеуметтік қызметкерлер, cуретшілер мен кәсіби фотографтар қолдана алады.

Түрлі қажеттіліктер мен даму деңгейіне қарай 3-4 жастан бастап ересектерге дейін қолдануға болатын қолжетімділігі де фототерапиялық сабақтардың тиімділігін арттырады. Фотосурет өзін танудың, әлеуметтенудің, эмоциялық тәрбиелеудің құралы ретінде түрлі адамдардың психикалық және физикалық денсаулығына зор пайда әкеледі.

Тренинг мазмұны:

Фотография емдік, түзету, денсаулық сақтаушы, дамытушы құрал ретінде:

  • Фототерапияның анықтамасы. Фотосуреттің кейбір психологиялық функциялары
  • Фототерапияның басқа өнер түрлерімен байланысы
  • Фотосуреттің психологиялық қызметі

Өнер психотерапиясы мен арт-терапиядағы фотосурет:

  • Өнер психотерапиясы мен арт-терапияның жалпы сипаттамасы
  • Фотосурет бейнелеу өнері мен арт-терапияның құралы ретінде
  • Топтық арт-терапия тұрғысынан фотосуретті емдік, түзету, дамыту құралы ретінде қолдану негізі
  • Психотерапия мен тренингте фотосуреттерді қолданудың түрлі нұсқалары ен мақсаттары

Фотография негізіндегі техникалар, ойындар, жаттығулар:

  • Ойлау, есте сақтау, зейін, ұсақ моториканы дамыту
  • Өзіңді қабылдау
  • Жалпы тақырыптар

Өзіңді қабылдау:

  • Өмір жолы
  • Балалық шақ естеліктері
  • Өткен шақ, қазіргі шақ, болашақ
  • “Меннің” түрлі қырлары
  • Менің ішімдегі әйел мен еркек
  • Автопортрет
  • Өзіңді жарнамалау
  • Қазіргі сәттегі сезімдер мен ахуалдар
  • Менің құпияларым, мәселелерім
  • Менің қызығушылықтарым мен әуестіктерім

Жұппен жұмыс істеуге арналған техникалар, ойындар, жаттығулар:

  • Әңгімелесу
  • Бірлескен фотоколлаж
  • Портрет жасау
  • Бірлескен жоба

Ұжыммен жұмыс істеуге арналған техникалар мен жаттығулар

  • Ұжымдық фотоколлаж
  • Ұжымдық жоба
  • Фото жолдау

Тренер: Қайырова Ж.А. – “Үйлесім” тренинг орталығының басшысы, әлеуметтік ғылымдар магистрі, психолог

Бағасы 49000 тг

Сайт арқылы төлем жасасаңыз 5% жеңілдік бар

Сатып алу