Пікірлер

2018 ж. 3 қарашада Астана қаласы №67 мектеп-гимназиясында "Педагогтардың кәсіби деформациясының алдын алу шаралары" аясында өткен "Мандала терапия – психологиялық ахуалдың трансформациясы ретінде" тренингі өтті.

Бұл шара қазіргі уақытта педагогтар үшін өте өзекті, маңызды тақырыптардың бірі. Педагогтың эмоциялық күйзелуі, шаршауы, мамандығынан жеруінің психологиялық алдын алу ауқымында жүргізілген тренинг өз мақсатына жетті деген ойдамыз. Себебі педагогтар тарапынан көрінген реакция, қызығушылық соның айғағы. Тренингтен кейін мектеп педагогтар, психологтар мен әлеуметтік педагогтар өз жұмыстарында мандала техникасын қолдану жақсы нәтиже беретінін өз есептерінде атап көрсетті.

Тренингті жүргізген психолог маман Жаңагүл Амантайқызы Қайырованың біліктілігі мен аталмыш тақырыпты ашудағы шеберлігі үшін көп алғыс білдіреміз.

Астана қаласы №67 мектеп-гимназия директоры, педагогтары

Арқалық қаласында 2018 ж. 11-13 желтоқсанда өткен "Жасөспірімдер арасындағы суицидтің, қауіпті мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған семинар-тренингке" қатысқан ұстаздар тілегі

Киелі Торғай топырағы,
Кенге толы сайын дала атырабы.
Жыл сайын, Жаңагүл, бір өзіңді,
Осындай семинарға шақырады.
Қаны бар, бауырмалдық қасиеті
Бабалардан бір қалған өсиеті.
“Білім алып, еңбек ет” дейтұғын,
Біз ұстаздар, ұрпақ қамын жейтұғын.
Жолың түссе, келгейсің той-думанға,
Дала кезсең, сан тарих ой толғауда.
Торғай елі құтты мекен, ауасы кең,
Зейінді ұрпағы мол із жалғауда.

Арнау авторы: Рахима Төлегенқызы

Арқалық қаласы ұстаздар қауымы