Бала қалай дамиды?

Сенсомоторлық және әлеуметтік даму кестесі 

 

Бір жас

 

А. Көру арқылы қабылдау 

 

А.1. Қозғалыстағы объектіні көзімен бақылауы

Бала шалқасынан жатып ашық-қызыл түсті ойыншықтың қозғалысын бақылай ала ма?

Кішкентай қызыл доп, текше немесе қызыл жіп орамын алыңыз. Оны бала алдынан 20-50 см қашықтықта ұстаңыз. Бала зер салып қарағанша ойыншықты сілкілеңіз. Содан соң затты бір жазықтық бетінде оңға және солға жылжытыңыз.

Бұл әрекетті бірнеше рет қайталаңыз. 

Егер бала затқа 2-3 секунд бойына қызығушылықтпен қарап, бақылап отырса тапсырма сәтті орындалды деп есептеледі.

Егер баланың реакциясы нашар немесе сирек қарайтын болса, тапсырма орташа орындалды деп санаймыз.

Егер бала затқа бір секунд қана қарап басын бұрып әкетсе немесе мүлдем қарамаса тапсырма орындалған жоқ деп есептеледі. 

Маңызды: зат дыбыс шығармау керек, сіз де баламен сөйлеспеуіңіз тиіс, олай болған жағдайда бала дыбысқа жауап беруі мүмкін. 

 

А.2. Бет-әлпетке қарауы 

Бала шалқасынан жатып өзіне баяу жақындап келе жатқан бетті бажайлап қарай ма?

Ересек адам өз бетін баланың бетіне 30 см жақындатады. Тапсырманы сәтті орындау үшін баланың өзіне жақындаған бетке 2-3 секунд қарағаны жеткілікті. Басқа бағалар - A.1. Тапсырмасындағыдай. 

Маңызды: баламен сөйлеспеңіз. 

 

A.3. Алыстап бара жатқан затты көзімен бақылау 

Баяу алыстап бара жатқан қызыл түсті ойыншықты бала көзімен бақылап тұр ма?

A.1. Алдымен ойыншықты баланың бетінен 30 см қашықтықта ұстап тұрып, біртіндеп 30 см-ге алыстатыңыз. 

Егер бала алыстап бара жатқан затқа 2-3 секунд қарап тұрса жеткілікті. 

Басқа бағалар - A.1. тапсырмасындағыдай. 

Маңызды: бейсауат дыбыс шығармаңыз, баланы шақырмаңыз, сөйлеспеңіз! 

 

A.4. Қолындағы затқа қарауы 

Бала қолындағы  ашық-қызыл затқа бажайлап қарай ма?

Баланың қолына  жылтыр қызыл ойыншық беріңіз де оны баланың бетінен шамамен 20 см қашықтықта орналастырыңыз. Егер бала затты өзі ұстап тұра алмаса (мысалы, қызыл жіп орамын), оның қолын өз қолыңызбен жабыңыз.  

Баланың затқа 2-3 секунд қарап тұрғаны жеткілікті деп саналады. 

Басқа бағалар - A.1. тапсырмасындағыдай. 

Маңызды: Зат еш дыбыс шығармау керек!  

 

A.5. Үстел үстіндегі бір түйір мейізге қарауы

Ақ жазық бетте жатқан мейізге бала қысқа уақытқа көз тоқтатып қарай ала ма?

Анасы баланы қолы үстелге жететіндей етіп, тізесіне отырғызады. Екінші адам үстелдің қарама-қарсы жағында отырып баланың көзқарасын бақылайды. Аздаған биіктіктен ақ бетке (параққа немесе дастарханға) мейіз тастаңыз. Егер бала мейізге назар салмаса, оны саусағыңызбен әрі-бері қозғаңыз, әр қозғаған сайын баланың мейізді бақылап отырғанын тексеру үшін қолыңызды үстелден алып тастаңыз.  

Баланың назары 2-3 секунд мейізге ауса, сол жеткілікті. 

Басқа бағалар — A.1. тапсырмасындағыдай.

 

A.6. Екі көзінің де затқа тура қарауы

Нақты бір затқа қарағанда баланың екі көзі де соған бағытталған ба?

Баланың бір көзі қылиланып тұрған жоқ па соған мән беріңіз. 

Егер екі көзі затқа тура қарап тұрса тапсырма орындалды деп саналады. 

Егер біресе тура біресе қиғаштап қараса тапсырма жартылай орындалды деп есептеледі. 

Егер бала көзқарасын қиғаштап қараса, онда тапсырма орындалмады деп есептейміз. 

 

A.7. Қозғалып жүрген Адамды бақылауы 

Бөлме ішінде баяу қозғалып жүрген адамды бала көзімен бақылайды ма?

Қозғалып жүрген адам көру аймағына ілінетіндей етіп баланы қолыңызда ұстаңыз немесе отырғызыңыз. 

Қозғалып жүрген адамға бала 2-3 секунд қараса жеткілікті. 

Басқа бағалар A.1. тапсырмасындағыдай. 

Маңызды: бөлме ішінде қозғалып жүрген адам шу шығармай немесе баланы өзіне шақырмай жүруі керек! 

 

A.8. Құлап қалған затқа қарауы 

Бала құлап қалған ойыншыққа көз салып қарай ма?

Баланы тізеңізге отырғызып оған ашық қызыл түсті ойыншықты көрсеіңіз. 

Егер баланың қарап тұрғанын байқасаңыз, ойыншықты жерге тастап жіберіңіз. 

Егер бала құлап қалған ойыншықты көзімен іздесе тапсырма сәтті орындалды деп есептейміз. 

Басқа бағалар A.1. тапсырмасындағыдай. 

Маңызды: құлайтын зат дыбыс шығармауы керек: ашық түсті матадан жасалған доп, қызыл тоқыма баскиім немесе сәл үрілген әуе шарын қолданған абзал. 

 

A.9. Өзінің айнадағы бейнесін қолымен ұстауы

Өзінің айнадағы бейнесін көргенде бала оны ұстайды ма, оны қолымен, алақанымен ұрады ма?

Альбом көлеміндей айна алыңыз да, оны баланың алдына өз бейнесін көре алатындай орналастырыңыз. Баланы өз тізеңізге отырғызып алуыуыңызға болады. Сондай-ақ айнаны жерге қойып, баланның беті айнадан көрінетіндей алдына екпетінен жатқызуға болады. 

Егер бала айнадағы өз бейнесіне қолдарын созып оны ұстап көрсе, сол жеткілікті. 

Басқа бағалар - A.1. тапсырмасындағыдай. 

 

A.10. Өз қолына қарауы 

Бала өз қолының кездейсоқ қозғалысын бақылап қарайды ма?

Қандай да Бір іс-әрекет кезінде  өз қолдарына көз салып қараса сол жеткілікті. 

Басқа бағалар - A.1.тапсырмасындағыдай. 

 

A.11. Өз бөтелкесін тануы 

Өз бөтелкесін көргенде бала мәз болып қуана ма? 

Бала көре алатындай етіп бөтелкені жай ғана ысырып қойыңыз, мұны істеу барысында мүлдем сөйлемеңіз. Оның реакциясы қандай болатынын бақылаңыз. 

Бөтелкені көргенде бала аяқ-қолдарын қозғап, аузын қуана ашып-жауып, ернін шылпылдатса тапсырма сәтті орындалды деп санаймыз. 

Басқа бағалар - A.1. тапсырмасындағыдай. 

Маңызды: өз әрекеттеріңізді сөзбен сүйемелдемеңіз (нәм-нәм, т.б.). 

 

A.12. Беті жабық затты табуы 

Ойыншықтың үстінде жауып тұрған орамалды бала алып тастайды ма?

Баланың алдына өзінің сүйікті ойыншығын қойыңыз да оның оған қарап тұрғанына көз жеткізіңіз. Ол ойыншықты ұстауға ұмтылатын шығар. 

Оны баланың көз алдынан жоқ болып кететіндей етіп орамалмен (немесе басқа бір затпен) жауып қойыңыз. Баланың реакциясына мән беріңіз. 

Бала ойыншыққа жету үшін орамалды алып тастаса тапсырманы сәтті орындады деп есептейміз. 

Орамал жаққа қолын созса тапсырманы жартылай орындады деп санаймыз. 

Егер бала орамал жаққа қарап, бірақ оны ұстауға қолын созбаса тапсырманы орындамады деп есептейміз. 

 

Әдебиет

Кипхард Эрнст Й. Как развивается ваш ребенок? Таблицы сенсомоторного и социального развития: От рождения до 4-х лет. Изд. 4-е. - Теревинф, 2016 - 112 с.