Баланың агрессиялық деңгейі

Баланың агрессиялық деңгейі (ата-аналарға арналған)

 

(Лаврентьева Г.П., Титаренко Т.М.)

Баланың агрессиялық деңгейін тексеру үшін, кішігірім тест жүргізуге болады.

Әр сипаттаманы өз балаңыздың мінез-құлқымен салыстыру керек. 

Сәйкес келген әр сипаттамаға 1 ұпай беріледі, соңында ұпайлар санын қосып, баланың агрессиялылық деңгейін анықтаймыз. 

  1. Кейде бойын бір дүлей күш билеп алғандай көрінеді. 
  2. Бірнәрсеге көңілі толмаса үндемей тұра алмайды.
  3. Егер біреу оған зұлымдық істесе, ол міндетті түрде дәл солай жауап беруге тырысады.
  4. Кейде еш себепсіз ұрсысуға дайын тұрады. 
  5. Кейде ойыншықтарды рақаттана сындырып, талқандайды. 
  6. Кейде бірнәрсені шектен тыс талап етіп, айналасындағылардың шыдамын тауысады.
  7. Жануарларды мазақ қылудан бас тартпайды. 
  8. Онымен дауласып жеңу мүмкін емес. 
  9. Егер басқа біреу оны мазақ қылып тұр деп ойласа қатты ашуланады. 
  10. Кейде кенеттен бір жаман нәрсе жасағысы келетіні айналасындағыларға ауыр тиеді. 
  11. Әдеттегі үйреншікті тапсырмаларды керісінше орындауға құмар.
  12. Өз жасына сәйкес емес қазымырлығы жиі болып тұрады.
  13. Өзін дербес, батыл ретінде қабылдайды. 
  14. Алда болғанды, бұйрық беруді, басқаларды өзіне бағындыруды ұнатады. 
  15. Сәтсіздіктер оны қатты ашуландырады, кінәлілерді табуға тырысады. 
  16. Ұрыс-керіске жылдам беріледі, төбелесе жөнеледі. 
  17. Өзінен кіші әрі физикалық жағынан әлсіздермен араласуға ұмтылады. 
  18. Қас-қабағы түнеріп жиі ашуланады. 
  19. Қатарлас құрбыларымен санаспайды, жол бермейді, бөліспейді. 
  20. Кез-келген тапсырманы басқалардан артық орындайтынына сенімді. 

 

0 - 5 ұпай - агрессияның ең төмен деңгейі. Шындығында тұншыққан агрессияға да мән беру керек. Ешқандай агрессия танытпайтын бала - өз қалауын көрсете, көзқарасын қорғай алмайды. Мұндайда психологпен жұмыс жасағаны жөн. 

6 - 10 ұпай - агрессияның орташа деңгейі. Орташа агрессияның деңгейі балалардың барлығына тән қалыпты деңгей. 

11 - 15 ұпай - агрессияның жоғары деңгейі. Агрессияның жоғары деңгейі де көп балаға тән және ол баладағы эмоциялық бұзылыстармен байланысты. Мұндайда балаға көбірек көңіл бөліп, оның өтініштеріне құлақ асу керек. Баланы жазалағанда да бірізділік болуы тиіс, баланы қорлауға болмайды. Ашуды басудың тәсілдерін көрсеткен абзал. Жанашырлыққа қабілеттілікті дамытқан жөн. 

16 - 20 ұпай - агрессияның ең жоғары деңгейі. Баладағы агрессияның жоғары деңгейі анықталғанда психологиялық көмек көрсету үшін маманға жүгінген жөн. 

 

Агрессияның критерийлері (баланы бақылау арқылы) 

  • Өзіне ие болмайтыны жиі байқалады
  • Жиі дауласады, үлкендермен ұрсысады 
  • Ережені орындаудан жиі бас тартады 
  • Адамдарды әдейі жиі ашуландырады
  • Өзінің қателерін жиі басқалардан көреді
  • Жиі ашуланады әрі әрнәрсені жасаудан бас тартады
  • Қызғаншақ, кекшіл 
  • Сезімтал, айналасындағылардың (балалар мен үлкендердің) түрлі әрекеттеріне жауабы жылдам, көбіне ашуын келтіреді

 

Егер 6 айдан кем емес уақыт ішінде оның мінез-құлқында аталған 8 белгінің 4-і байқалса бала агрессивті деп болжауға болады.