ДИСМОРФОФОБИЯ
Сырт келбетіне риза болмау қазір белең алып тұрған мәселенің бірі десе болады.
Мысалы: тісім түзу емес, құлағым, мұрным үлкен, артық салмағым бар, т.с.с. Мінсіз болуға келгенде адамның қиялы шексіз.
Алайда кейде сындарлы сыннан гөрі шектен асқан өзін сынап-мінеу көп кездеседі. Нәтижесінде “айнаға қарай алмаймын”, “түрім қорқынышты”, “аяғым қисық” деген тәрізді өз бойынан қаптаған мін табыла кетеді.
Мұндай адамдар айна алдында сағаттап отырады, әр қараған сайын бір мін табады, өзін құбыжыққа теңеуі мүмкін. Ал айналасындағылар он “міндерді” байқамайды.
Осылайынша адамның өз келбетіне дұрыс қарай алмауы жалғаса берсе, ол дисморфофобия синдромы деп аталады.
Нәтижесінде адам өзін тығырыққа тірегені сонша, айналамен қарым-қатынасы бұзылып, үйден шықпай, жұмыс істей алмай қалуы мүмкін.
Көбіне құрбан болатын дене мүшелері, ол - мұрынның, көздің, емшектің формасы, шаш пен терінің жағдайы, толықтық, мең. Соларды түзеу үшін адам хирургиялық операцияларға жүгінеді, бірақ нәтижесіне риза болмай қайта жасатуы мүмкін.
Сондай-ақ дисморфоманияға өз денесінен шығатын тердің, кіші дәреттің, ішек газының және т.б. жағымсыз иісіне патологиялық сенімділік жатады.
Негізгі белгілері:
- Денесінің бір немесе бірнеше мүшесіне риза емес.
- Бұған шалдыққандар суретке түсуден бас тартуы мүмкін (ұсқынсыз бейнесі сақталып қалмас үшін).
- Өзінің сырт келбетін үнемі басқалармен салыстырады.
- Сырт келбетінің дұрыстығына үнемі басқа адамдардан дәлел, қолдау іздейді.
- Өзіне кумир тауып алады да, соған еліктейді.
- Кемшіліктерді кең киіммен, косметикамен жасыруға тырысады.
- Диетамен, спортпен шектен тыс әуестенеді.
Бір сөзбен айтқанда, дисморфофобия бұзылысы аса бақытсыздық, айнадағы өзінің бейнесіне деген жеккөрініш деп сипатталады.
Бұл бұзылыс әдетте жеткіншек немесе жастық шақта басталады. Әйелдерде де, еркектерде бірдей кездеседі.
“Айна, айтшы, бұл әлемде кім сұлу?” деген ертегідегі фраза естеріңізде ғой. Дисморфофобия дегеніңіз сол қысқаша айтқанда.
Дисморфофобияға шалдығуға әсер ететін себептер:
• Балалық шақта естіген қатігез сөздер немесе физикалық жарақаттар;
• Құрбы-құрдастардың балалық немесе жеткіншек шақта сырт келбетін (арықтық, толықтық) мазақ етуі;
• Тұлғалық ерекшеліктер. Сынға сезімтал және перфекционизмге бейімдік;
• Ата-ананың эстетикалық сырт келбетке шектен тыс мән беретіндігі;
• Бұқаралық ақпарат құралдарының әсері. Әлеуметтік желідегі гиперсексуалдық контентті көріп өз денесіне артық талап қою;
• Генетикалық алғышарттар;
• Басқа да психикалық бұзылыстар болғанда (обсессивті-компульсиялық бұзылыс, жайылма мазасыздық бұзылыстары, тамақтану мінез-құлқының бұзылыстары)
Дисморфофобия мультифакторлы бұзылысқа жатады. Бірқатар биологиялық, психологиялық, әлеуметтік факторлар ықпал етеді.
Дисморфофобия жайлы бірқатар фильм:
1. «BDD animation» анимациялық фильмі
2. Мультфильм «Отражение» (2022, Дисней)
3. «Против тела» (2005)
4. «Бешеная», Режиссер Дэвид Кроненберг (1977)
5. «Белоснежка и семь гномов» (2012)
6. «Дориан Грей» (2009)
7. «Сказка о мертвой царевне и семи богатырях» (1951)
8. «Слишком много плоти» (2000)
9. «Сирано де Бержерак» (1990)
10. «Горбун из Нотр-Дама» (1996)
11. Трагикомедия «Съедобно», режиссер Жюлия Дюкурно (2012)
Психолог қабылдауына жазылу: 87771461414