Психолог қызметін көрсету келісімшарты (ересектерге)
2024 ж. __________________ психолог қызметін көрсету келісімшарты.
Мемлекеттік тіркеу №0019898 Серия 6202 куәлігі негізіндегі жеке кәсіпкер «Үйлесім» тренинг орталығы, психолог, кеңесші Қайырова Жаңагүл Амантайқызы бір тараптан, және екінші тараптан Жеке тұлға _____________________________, әрі қарай Клиент, осы Келісімшартқа отырды.
- Келісімшарт мәні.
1.1 Психолог клиентке Қызмет ұсынуды, ал Клиент қызмет құнын аталмыш Келісімшарт шарты бойынша төлеуді өз міндетіне алады (№1 қосымша).
1.2 Бұл келісімшарттағы Қызметке клиенттің психологиялық іс-шаралар: жеке кеңес беру – психологиялық терапияға қатысуы жатады.
- Қызмет құнын төлеу тәртібі.
2.1. Қызмет құны Орындаушының кәсіпкерлік есепшотына аудару немесе қолма-қол төлем арқылы жүзеге асады.
2.2. Қызмет ақысы әрбір жеке кеңестен немесе психологиялық терапиядан соң төленуі тиіс.
2.3. Алғашқы кездесу (75 минут) (75 минут) = 28000 тг.
2.4. Психологиялық кеңестің (60 минут) ақысы = 25000 (сессия ақысы психологиялық терапияның басты мәселесіне жатады, себебі терапиялық процестің өзі үшін маңыздылығы мен құндылығын және өзіне инвестиция салу тақырыбын қозғайды)
2.6. Белгіленген күні келісілген сағатта Қызметті алуға келмеген немесе болдырмай тастаған жағдайда Клиент маманның бір сағаттық жұмысының 100% ақысы болатын тұрақсыздық айыбын төлейді.
* Бұл ереже клиенттің психотерапиялық жұмысқа қатысуға жауаптылығын және Психологтің жұмыс кестесінің қаржылық қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
2.7. Жеке кеңеске немесе түзетуге келуді болдырмай тастауды белгіленген уақыттан 24 сағат бұрын хабарлау қажет. Мұндай жағдайда өткізілмеген кездесудің ақысы 100% алынбайды.
2.8. Клиенттің кешігіп келуі қабылдау уақытын қысқартады, бірақ қабылдау ақысы толық төленеді.
2.9. Егер қатарынан 2-3 сессияға келмей қалған (себебі түсіндірілместен: жолсапар, емдеуге жатқызу, еңбек демалысы, оқу демалысы) жағдайда терапияның маңыздылығы туралы мәселе қойылады және менде ол уақытты басқа клиентке беру құқығы бар. Ауруға шалдығу терапияға психосоматикалық қарсылық деп қарастырылып, симптом ретінде сессиялардың бірінде талқыланады.
2.10. Белгіленген психологиялық Қызмет уақытын өзгерткен жағдайда Психолог (Орындаушы) ол туралы Клиентке белгіленген уақыттан 10-12 сағат бұрын хабарлауға міндетті. Егер Орындаушы қандай да бір себеппен кездесуге келмей қалса, онда келесі кездесудің құны 50%-ға кем, ал өткізілмей қалған сессияның орнына бір сессияны тегін өткізеді.
2.11. Жылына екі рет (маусым, қаңтар) инфляцияға байланысты терапиялық процес құнсызданбауы үшін (бұл ұзақ мерзімді процестерге тән) психологиялық Қызметтің ақысы өседі.
2.12. Жаз айларындағы жұмыс кестесі: ауыспалы
Ол демалыс кезеңі мен кәсіби біліктілікті көтеру шараларына байланысты.
2.13. Жұмыс кестесі: Дүйсенбі: 9.00 – 18.00, Сейсенбі: 9.00 – 18.00, Сәрсенбі: 9.00 – 18.00, Бейсенбі: 9.00 – 18.00, Жұма: 9.00 – 18.00, Сенбі: 10.00 – 17.00.
Құрметті клиенттер, қабылдау жиілігін таңдаңыз: аптасына екі рет, аптасына бір рет, екі аптада бір рет.
- Қызметті көрсету мәні
3.1. Психолог Қызметті кабинетте өткізеді. Онлайн кеңес Skype немесе Zoom қосымшасы арқылы жүргізіледі. E-mail, sms, WhatsApp арқылы, клиенттің үйінде, телефон арқылы кеңес берілмейді.
3.2. Жеке қабылдаудағы психологиялық Қызметті көрсету аптасына екі рет/аптасына бір рет/екі аптада бір рет (60 минут) өткізіледі. Одан сирек қабылдау Клиенттің өзі қалаған өзгерістерге қол жеткізуіне көмектесетін өзін тану процесінің қарқындылығының жеткіліктілігін қамтамасыз ете алмайды.
3.3. Клиенттің сұранысы бойынша одан да жиі кездесу мүмкіндігін психолог қарастыра алады.
3.4. Қажет болған жағдайда психолог кестесінде бос уақыт табылса, психолог Клиентті қабылдай алады.
3.5. Кейбір клиенттер өз мақсатына жету үшін бірнеше сессияны ғана қажет етуі мүмкін, ал басқаларына айлар мен жылдар бойы кеңес алу қажет. Клиент өзі қалаған өзгерістерге қол жеткізгенге дейін Психологпен кездесе бергені жөн.
3.6. Бұл Келісімшарт бойынша міндеттер қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және психологиялық Қызмет аяқталғанға дейін әрекет етеді. Психологиялық Қызметтің мерзімі аяқталған соң тараптар психологиялық ықпал етудің нәтижесін талқылап, психологиялық Қызметті аяқтау немесе жалғастыру туралы шешім шығарады. Психологиялық Қызметті жалғастыру туралы шешім қабылдаған жағдайда Жаңа келісімшарт жасасады.
- Тараптардың құқықтары мен міндеттері
4.1. Психолог міндеттенеді:
- Клиент қалаған психологиялық Қызметті өткізеді.
- Клиенттің өтініші және белгіленген кесте бойынша психологиялық Қызметті жүргізеді.
- Клиентке мақсатты түрде ықпал етеді немесе қойылған мақсатқа орай соған ұмтылады.
- Клиент туралы мәліметті немесе онымен жұмыс істегендегі нәтижелер туралы ақпаратты үшінші тарапқа, оның ішінде кәмелетке толмағандардың рұқсатынсыз олардың өкілдеріне жарияламауға. Болған немесе болуы мүмкін қылмысты немесе клиентті қорғауға бағытталған жағдайларды есепке алмағанда.
4.2. Психолог құқылы
- Мына жағдайларда Клиентке Қызмет көрсетуден бас тартады:
- Клиент психоневрологиялық диспансерде тіркелген жағдайда;
- Қылмыстық және әдеп нормалары бұзылғанда;
- Ұйымдастыру бойынша уақытша қиындықтар туындағанда.
Кез келген жағдайда Психолог Клиенттің мәселесімен жұмыс істеуге дайын екендігін хабарлайды.
- Егер клиент өзінің психоневрологиялық диспансерде тіркеуде тұрғанын орындаушыдан жасырса, және де Орындаушыдан психологиялық Қызметті сапалы орындауына қажетті басқа да ақпаратты жасырып немесе бұзып жеткізген жағдайда, Клиенттің және үшінші тараптың алдында көрсетілген қызметтің сапасы мен салдарына Орындаушы жауапты емес.
- Психологтың нұсқауларын орындамаған жағдайда психологиялық Қызметті жүргізуден бас тартуға.
- Ауруға шалдыққан, басқа жерге көшу немесе басқа да себептерге клиентке алдын ала ескерте отырып психологиялық Қызмет көрсетуді тоқтатуға.
- Клиенттің аты-жөні мен басқа да мәліметтерін көрсетпестен, психологиялық кеңестің материалдарын әдістемелік мақсатта, кәсіби супервизияда, интервизияда, психологиялық жұмыстың мысалы ретінде қолдануға (Ақпараттанған келісім, №2 қосымша).
4.3. Клиенттің міндеттері
- Психологиялық қызметіне дербес тапсырыс беруге.
- Психологтың нұсқауларын Психологтың жұмыс шартына сәйкес орындауға. Клиент орындауы тиіс Психолог жұмысының шарттары: - психологтің сұрағына өзінің жағдайы, ахуалы, басынан кешкендері жайлы жан-жақты, тәптіштеп, анық, тура, шынайы жауап беру; - Клиенттің мәселесін шешуге бағытталған үй тапсырмасын орындауға.
- Қабылдауға келісілген уақытта кешікпей келуге, келе алмаған жағдайда психологті алдын ала хабардар етуге.
- Психологиялық жұмысты аяқтау қажет болған жағдайда, Психологке алдын ала хабарлап (курс аяқталар бұрын бір кездесудің алдында) және жүргізілген жұмыстың қорытындысын шығару үшін соңғы кездесуге келуге.
4.4. Клиенттің құқықтары
- Келісімшартта көрсетілген шарттарға сәйкес психологиялық Қызмет көлемі мен санын Психологтан алуға.
- Клиентпен жұмыс барысында Психолог көрсететін психологиялық қызметке қатысты маңызды ақпаратты (әдістер, жаттығулар және т.б.) алуға.
- Психологиялық қызметтің көрсетілуіне қанағаттанбаған жағдайда оны психологпен талқылауға. Жұмыс барысында тығырыққа тірелу немесе қиындыққа тап болу қолданылмай жатқан жасырын мүмкіндіктердің бар екендігін білдіруі мүмкін; жұмыс міндеттерінің анық қойылмағанын немесе оған қол жеткізу тәсілінің дұрыс еместігін білдіруі мүмкін. Мұнымен қоса, тығырыққа тірелу екі тарап үшін де маңызды Клиенттің ішкі процестерінің бір бөлігі болуы мүмкін.
- Сапасына, мазмұнына немесе шарттарына қанағаттанбаған жағдайда, Қызметті қолдануды доғарып, Келісімшартты бұзуға.
- Тараптардың жауапкершілігі.
Бұл Келісімшарт бойынша келіспеушіліктерді тараптар келіссөз жүргізу арқылы шешеді. Бұл Келісімшартпен реттелмеген басқа сұрақтарды қарастырғанда тараптар ҚР-ның қолданыстағы заңдарын басшылыққа алады.
- Тараптардың қолы
Психолог (Т.А.Ә.): Қайырова Жаңагүл Амантайқызы_________________________
Телефон: +7 777 1461414, Күні______
Клиент (Т.А.Ә.): _______________________________________________________
Телефон ______________, Күні _____
Психологиялық қызмет көрсету Келісімшартына №1 қосымша
Бұл Келісімшарт бойынша Психолог қызметінің ақысы:
Алғашқы қабылдау (75 минут) = 28000 тг.
Жеке қабылдау (60 минут) = 25000 тг.
Ересектермен психотерапия (60 минут) = 25000 тг; (90 минут) = 30000 тг.
Психологиялық қызмет көрсету Келісімшартына №2 қосымша
Құрметті клиенттер, мен кәсіби маман ретінде өз жұмысымның сапасын арттыру үшін супервизияға қатысу міндетін аламын. Заң ережелеріне сай, мен сіздің мәселеңізді тек сіздің рұқсатыңызбен ғана супервизияға ұсынамын. Сондықтан да психологтың осындай жұмыс формасын білетініңіз және соған өз келісіміңізді беретініңіз туралы ақпараттанған келісімді толтыруыңызды өтінемін. Мен: сіздің аты-жөніңіз бен жеке мәліметтеріңізді жарияламай, тек сіздің мәселеңізді ғана супервизияда қолдану туралы құпиялылыққа кепілдік беремін. Сонымен қатар, сіздің бұған рұқсат бермеу құқығыңыз бар, мұндайда мен сіздің мәселеңізді еш жерде жарияламауға және кәсіби қауымдастықта талқылауға салмауға міндеттенемін. Ақпараттанған келісім қолжетімділігі мен таралуы шектеулі, құпия түрде сақтау қажет құжатқа жатады. Маманның құзырында сақталады.
№1 Экз.
Мен, ________________________________________________________________
(толық аты-жөні)
Маман Қайырова Жаңагүл Амантайқызы жүргізетін психологиялық кеңес беруге, психотерапиялық көмекке, зерттеу жұмысына өз еркіммен қатысатынымды растаймын. Психологиялық кеңес берудегі, психотерапиялық жұмыстағы, супервизиядағы және менің материалдарымды қолданудағы құпиялылық пен анонимдік туралы ережелермен таныстым. Өз еркіммен және саналы түрде өз рұқсатымды беремін (қажетсізін сызып тастаңыз):
- Жүргізілетін жұмыстың сапасын арттыру үшін менің мәселемді кәсіби ортада супервизиялауға;
- Супервизияның аудио және (немесе) бейнежазбасын жүргізуге;
- Терапиялық процестің аудио және (немесе) бейне жазбасын жүргізуге;
- Мен ұсынған материалдарды студенттерді оқытуда қолдану үшін;
- Біздің бірлескен жұмысымызды кәсіби әдебиетте жариялауға.
__________________ _____________________ ______________________
күні клиенттің қолы маманның қолы