Психотерапия курсынан өтуші тұлғаның әлемдік хартиясы
1. Тұлғаның қадір-қасиетін құрметтеу құқығы
Психотерапиядан өтіп жатқан тұлға өзінің қадір-қасиетінің, сұранымының мазмұнына немесе психикалық ахуалына қарамастан еш дискриминациясыз менталдық және физикалық біртұтастығының құрметтелу құқығына ие.
2. Еркін таңдау құқығы
Психотерапиядан өтуші тұлғаның психотерапевт пен психотерапиялық әдісті және егер қажет деп санаса өз таңдауын өзгертуге құқығы бар.
3. Ақпаратқа қол жеткізу құқығы
Психотерапиядан өтуші тұлғаның психотерапевтің қандай әдіс(тер)ті қолданатынын, сондай-ақ оның квалификациясы, білімі және қандай кәсіби бірлестікке жататыны жайлы білуге құқығы бар.
4. Психотерапияның шарттары
Психотерапияның шарттары қандай да бір міндеттерді қабылдамас бұрын нақты анықталуы керек: формасы (вербалды, эмоциялық, тәндік …), сеанстардың ұзақтығы мен жиілігі, емдеу мен оны ұзарту немесе қысқартудың болжалды ұзақтығы, бағасы (гонорар, кей жағдайларда өтемақы, сақтандыру шарттары, келмей қалған сеанстардың төлемі)
5. Құпиялылық құқығы
Психотерапевт психотерапия курсында өзіне сеніп тапсырылған клиентке қатысты абсолюттік кәсіби құпияны сақтау міндетін алуы тиіс. Құпиялылық терапевтік қарым-қатынастың міндетті шартына жатады. Алайда кейбір жағдайда қолданыстағы заңдар негізінде шектелуі мүмкін.
6. Психотерапевтің деонтологиялық міндеттемелері
Психотерапевт өз практикасында өзінің қатысы бар кәсіби бірлестіктің деонтологиялық кодексін ұстануға міндетті. Ол кодекспен танысу үшін ниет білдіру жеткілікті.
Психотерапевтің арада орнаған өзара сенімді саяси, сектанттық немесе жеке мақсатында (эмоциялық тәуелділік, экономикалық қызығушылық, жыныстық қарым-қатынас …) қолдануға құқығы жоқ. Керісінше болған жағдайда ол үшін жауапты болады.
7. Шағым түсіру тәртібі
Шағымы немесе наразылығы болған жағдайда психотерапиядан өтуші тұлғаның кәсіби бірлестіктерге немесе сот төрелігіне жүгінуіне болады.
Бұл хартия кең қолданысқа ие және психотерапевтер кабинетінде іліп қоюға болады.
Бұл Хартияның позициялары 2002 жылы 14 шілдеде Венада (Австрия) барлық континент ішінен 80 елдің психотерапевтері қатысқан Психотерапияның әлемдік үшінші конгресінде Францияның ұсынысымен қабылданды.
Мировая хартия личности, проходящей курс психотерапии
1. Право на увежение достоинства личности
Личность, которая проходит психотерапию, имеет право на уважение собственного достоинства, своей ментальной и физической целостности без всякой дискриминации, независимо от содержания ее запроса или ее психического состояния.
2. Право свободного выбора
Личность, которая проходит психотерапию, имеет право свободно выбирать психотерапевтический метод и психотерапевта и, если считает это необходимым, пересмотреть свой выбор.
3. Право на доступ информации
Личность, которая проходит психотерапию, имеет право знать, какой (или какие) метод(ы) использует психотерапевт, а также какую квалификацию имеет последний, какое у него образование и к какому профессиональному объединению он принадлежит.
4. Условия психотерапии
Условия психотерапии должны быть четко определены до принятия каких-либо обязательств: формы (вербальная, эмоциональная, телесная …), продолжительность и частота сеансов, предполагаемая продолжительность лечения и условия его пролонгации или прекращения, стоимость (гонорары, в отдельных случаях возмещение, условия страхования, плата за пропущенные сеансы).
5. Право на конфиденциальность
Психотерапевт должен взять на себя обязательство по отношению к клиенту хранить в абсолютной профессиональной тайне все, что ему доверено во время курса психотерапии. Конфиденциальность является непременным условием терапевтических отношений.
Но конфиденциальность в отдельных случаях ограничивается действующим законодательством.
6. Деонтологические обязательства психотерапевта
Практикующий психотерапевт обязан соблюдать деонтологический кодекс профессионального объединения, к которому он принадлежит. Чтобы ознакомиться с этим кодексом, достаточно выразить просьбу.
Психотерапевт не имеет права использовать установившееся доверие для манипуляции в политических, сектантских или личных целях (эмоциональная зависимость, экономические интересы, сексуальные отношения …). В противном случае он несет за это ответственность.
7. Процедура подачи жалоб
В случае жалобы или претензии личность, которая проходит психотерапию, может обратиться за помощью в профессиональные объединения или в правосудию.
Эта хартия предназначена для самого широкого распространения и также может быть вывешена в кабинетах психотерапевтов.
Позиции этой Хартии были приняты 14 июля 2002 г. В Вене (Австрия) по предложению Франции на Третьем мировом конгрессе психотерапии, который объединил 4 тыс. психотерапевтов из 80 стран всех континентов.
Әдебиет
Гингер Серж, Гингер Анн. Практическое пособие для психотерапевтов / Пер. с фр. Л.Гинар - М.: Академический Проект; Фонд «Мир», 2010.