«Үйлесім» психология орталығы ұсынады

Кәсібім – нәсібім» педагогтарға арналған кәсіби қажудың алдын алу тренингі



Кәсіби қажу және оны жеңу жолдары тренингі бағдарламасы

Қатысушылар санаты: білім беру саласы педагогтары, психологтар, логопедтер және басқа да адаммен тікелей жұмыс жасайтын мамандар.

Қатысушылар саны: 8 – 30 адам.

Тренингтің өткізілу мерзімі: 2 күн. Барлығы 16 академиялық сағат.

Тренинг ақысының ішіне: қатысушыларға арналған таратпалар, посттренингтік сүйемелдеу кіреді.

Мақсаты:

  • Педагогтардың кәсіби компетенттілігін арттыру және қызметтік міндеттерін тиімді орындауға жағдай тудыру үшін кәсіби жанудың алдын алуы мен оны жеңуі бағытындағы теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын жаңарту.
  • Педагогтың қызмет бабындағы психологиялық денсаулығын сақтау.

Міндеттері:

  • «Кәсіби жану», «кәсіби стресс» түсінігімен, сипаттарымен таныстыру.
  • «Кәсіби жану» белгілерінің көрінуін талдау, кәсіби іс-әрекетке көңілі толмау көздерін анықтау.
  • «Кәсіби жану» синдромының алдын алуға ықпал ету шараларын тудыру.
  • Эмоциялық жанудың жағымсыз ықпалын азайту үшін релаксацияның негізгі дағдыларын үйрету.
  • Өзінің коммуникативтік ерекшеліктерін түсіну.
  • Конфликтінің түрлері, негізгі құрылымдық элементтері, динамикасы, пайда болу тетіктері, конфликтідегі конструктивті және конструктивті емес мінез-құлық стратегиялары жөнінде ақпараттандыру.
  • Стрестен арылу, өзін-өзі реттеудің тәсілдерін қолданудың жеке тәжірибесін еске түсіру.
  • Уақыт тапшылығының негізгі себептерімен, уақытты жоспарлаудың ережелерімен таныстыру.

Мазмұны:

  1. Қатысушыларды эмоциялық қажу туралы түсінікпен таныстыру.
  2. Қатысушыларды коммуникативтік компетенттіліктің (қарым-қатынастың 3 компонентті құрылымы туралы ақпараттандыру) үш құрылымымен таныстыру.
  3. Қатысушылардың кәсіби жануының алдын алуына әсер ететін конфликтілі жағдайлардағы конструктивті мінез-құлық стратегияларын меңгеруіне ықпал ету.
  4. Кәсіби қажудың алдын алу мен жою үшін өзін-өзі реттеу тетіктерін меңгеру.
  5. Тұлғалық қорларын оятуға ықпал ету.
  6. Қызмет барысындағы уақытты басқару ережелерін игеру.

Ескерту. Тренинг мазмұнының әр пунктін жеке модуль ретінде кеңінен қарастырып, өз алдына бөлек тренинг ретінде ұйымдастыруға болады.

Жүзеге асыру әдістері.

Сабақтарда релаксациялық жаттығулар, арт-терапиялық әдістер, денеге бағдарланған психотерапия әдістері, мини-дәрістер, басқа да практикалық психологиялық тренингтер қолданылады.

Күтілетін нәтижелер:

Кәсіби қажу синдромының алдын алу бағдарламасын жүзеге асыру барысында төмендегілерге қол жеткізу көзделеді:

  • Педагогтың эмоциялық беріктігін және кәсіби іс-әрекеттегі психологиялық жүктемелерге дайындығын арттыру;
  • Педагогтың созылмалы шаршаңқылығы синдромы мен кәсіби қажуының алдын алу дағдыларын дамыту, өзіне сенімділігін нығайту, Мен-бейнесі құрылымындағы педагог бейнесін қалыптастыру;
  • Физикалық және психикалық денсаулығын сақтап қалу үшін педагог пен өз кәсіби іс-әрекетінен бас тартуға дайын тұлғалардың мазасыздану деңгейін төмендету;
  • Ұстаздық ету қызметінің сапасын арттыру;
  • Педагог мамандардың әлеуметтік-психологиялық кәсібилігін арттыру.

Посттренинг және нәтижені бағалау

Тренингке қатысушылар жұмысының нәтижесін бағалау көрсеткіштері келесідей болуы мүмкін:

  • Қатысушылардың жеке мәселелерінің шешілуі;
  • Топқа қатысушы педагогтар арасында мазасыздану деңгейінің, созылмалы шаршаңқылығының төмендеуі;
  • Педагогтың өзіне өзі көмектесу тәсілдерін игеруі.

Тренингтік бағдарламаға ЖОО-дағы көп жылдық оқытушылық еңбек тәжірибесі енгізілген.

Тренер: Қайырова Жаңагүл Амантайқызы, әлеуметтік ғылымдар магистрі, психолог, тренер, арт-терапевт, денеге бағдарланған психолог, оқытушы, «Қызықты психология» ғылыми-практикалық журналының бас редакторы, «Үйлесім» тренинг орталығының басшысы.

Жеңілдіктер:

  • Сіз арқылы келген әр қатысушы үшін 5% жеңілдік аласыз!
  • Алдын ала онлайн төлем арқылы сатып алсаңыз 5% жеңілдік беріледі.

 Тренингке қатысу:

  • 35000 тг.
  • Тренингке келіп қатысуды (жолақы, қонақүй, т.б.) қатысушы өзі немесе жолсапарға жіберген ұйым қаржыландырады.

Бағдарлама тренері:

  • Жаңагүл Амантайқызы Қайырова, әлеуметтік ғылымдар магистрі, психолог, тренер, арт-терапевт, денеге бағдарланған психотерапия маманы, оқытушы.

Өтетін күні: 28-29 қыркүйек, 2024.

Өту орны:

  • Астана қаласы, “Евроцентр” БО, Сығанақ көш., 47, 1214 каб.
  • Басқа қалалардағы (Алматы, Қарағанды, Шымкент, Ақтау, Атырау, Қызылорда, Өскемен, Семей) өту орындары тренинг өтер алдында хабарланады.

Байланыс:

  • www.uilesim.kz
  • Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
  • +7 777 146 1414

Қатысу үшін алдын ала жазылыңыз!

Бағасы 35000 тг

Скидка 5% при оплате в интернете

Тренингке қатысу