“Үйлесім” психология орталығы ұсынады

Арт-терапиялық оқыту курсы

Соңғы жылдары елімізде психотерапия мен оның әдіс-тәсілдері, үлгілері қарқындап дамып келеді. Оның ішінде арт-терапиялық әдістер психотерапияның түрлі бағытында жұмыс жасайтын мамандарды ғана емес, сондай-ақ психологияға, өнерге, мәдениеттануға, және өзінің немесе жақынының мәселесін өз күшімен шешкісі келгендерді де қызықтырады.

Арт-терапияны жүйелі түрде сипаттау мен оқыту мыналардан тұрады:

  • Әлеуметтік, мәдени, саяси және институционалдық контексттермен тығыз байланыстағы өз алдына дербес психотерапиялық бағыт ретінде;
  • Арт-терапияны белгілі бір теориялық көзқарастар жүйесі мен эмпирикалық жинақталған тәсілдер негізінде біріккен мамандар қауымымен байланысты кәсіби қозғалыс ретінде қабылдау;
  • Арт-терапияның түрлі емдік-түзету факторларын талдау;
  • Әрқайсысы көркемдік экспрессияның қарқынын, клиенттің мінез-құлқын және оның психотерапевтпен қарым-қатынасын бейнелеп, бір-бірінен туындайтын арт-терапиялық үдерісті сипаттау;
  • топтық арт-терапия мен арт-терапиялық топтың ерекшеліктерін сипаттау (Копытин, 2002).
 

Арт-терапия негіздері

Бағдарламаның ұзақтығы: бағдарлама 6 модульден тұрады (барлығы 144 сағат). 1 модуль ұзақтығы – 24 cағат. Оқыту реті: екі айда бір рет.

Сертификаттау: қатысушыларға әрбір өткен модуль үшін сағаттары көрсетілген сертификат беріледі.

Бағдарлама аудиториясы: психологтар, педагогтар, әлеуметтік педагогтар, логопедтер, адаммен тікелей жұмыс жасайтын мамандар, өз өміріне тиімді өзгеріс енгізгісі келген кез-келген адам.

Cонымен арт-терапия дегеніміз не?

Арт-терапевттер клиент үшін қауіпсіз орта қалыптастырады, ол кабинет немесе студия болуы мүмкін, сосын оны түрлі бейнелеу материалдарымен (мысалы, бояу, құм, сазбалшық) қамтамасыз етеді және оның бейнелеу жұмысы барысында қасында болады. Клиенттер берілген материалдарды өз қалауынша қолданып, арт-терапевттің қатысуымен бейнелеу жұмысында өз ойларын, сезімдерін көрсетуге ұмтылады.

Арт-терапевт клиентті бейнелеу материалдарымен және өнімдермен өзара әрекеттесуге ынталандырады, соның арқасында арт-терапиялық үдеріс диалогтың бір формасы екенін көруге болады (Британиялық арт-терапевттер ассоциациясының Ақпараттық брошюрасы, 1994).

Арт-терапияда визуалдық бейнелер туады, бұл үдеріс көркемдік жұмыс авторын, жұмыстың өзін және психотерапевтті өзара байланыстырады. Психотерапияның басқа түрлері сияқты арт-терапия да тереңде жатқан психикалық материалды сыртқы бетке шығарумен байланысты болса да, арт-терапияда оған көркемдік символдар мен метафоралардың байлығы ықпал етеді.

Арт-терапевттер бейнелеу өнері үдерісінің ерекшеліктерін терең түсінеді, бейвербалды, сиволикалық коммуникацияны кәсіби дағды ретінде игерген, клиент өзін мейлінше еркін, қауіпсіз сезініп өз басындағы аса күшті сезімдерін, реакцияларын көрсете алатын орта тудырады. Арт-терапияда эстетикалық стандарттарға мән берілмейді. Арт-терапиялық өзара әрекет негізіне көркемөнерлік экспрессия арқылы түйсінілмейтін, сезінілмейтін психикалық материалды көрсету, жинақтау.

М.Бетенски арт-терапиялық әдіс туралы былай дейді: 1) бейнелеу іс-әрекеті белгілі бір құрылымы бар феноменге жатады; 2) клиент өз бейнелеу туындысынан қандай да бір мағына көреді; 3) клиент өзінің бейнелеу өнімін міндетті түрде вербалдық (сөздік) түрде нақты сипаттай алады; 4) өзі жасаған бейнелеу өнімін өзінің ішкі әлемімен, тәжірибесімен байланыстыра алады.

Болашақ арт-терапевттер оқыту курсында нені үйренеді?

Арт-терапиялық жұмыстың нақты формалары мен әдістерінің клиентті бейнелеу іс-әрекетіне енгізу тәсілдері бойынша айырмашылықтары бар. Арт-терапевт тарапынан оның құрылымы мен басқаруындағы ерекшеліктері. Клиенттің өз бейнелеу өнімімен диалог құруындағы делдалдықты жүзеге асыру тәсілдерінің ерекшеліктері. Оның вербалдық интерпретация мен басқа да психотерапевтік интервенцияны қолдану деңгейінің ерекшеліктері.

1 Модуль

Арт-терапияның шығу тарихы

Арт-терапияның психотерапиялық ықпалы (көркемөнерлік экспрессия факторы, психотерапевтік қарым-қатынас факторы, интерпретация және вербалдық кері байланыс факторы). Арт-терапевтік процесс және оның жүйелік сипаттамасы. Психотерапевтік қатынасқа дайындық кезеңі. Арт-терапияда қолданылатын құрал-жабдықтар

2 модуль

Мандалатерапия

3 модуль

Маскатерапия

4 модуль

Қуыршақ терапиясы

5 модуль

Фото-терапия

6 модуль

Құм терапиясы

1 модульға қатысу ақысы:

  • 35000 тг.
  • Бағдарламаға кез-келген модульдан қосылуға болады.

Жеңілдіктер

  • “Қызықты психология” журналының оқырмандарына 10% жеңілдік қарастырылған.
  • Сіз арқылы келген әр қатысушы үшін 5% жеңілдік аласыз!

Бағдарлама тренері: Жаңагүл Амантайқызы Қайырова.

Әлеуметтік ғылымдар магистрі, психолог, тренер, арт-терапевт, денеге бағдарланған психотерапия маманы, оқытушы.

Қатысу үшін алдын ала жазылу керек.

Өту орны: Астана қаласы, “Евроцентр” БО, Сығанақ көш., 29, 1024 каб.

Хат жолдау үшін: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Жазылу үшін: +7 (777) 146 14 14

Бағасы 35000 тг

Скидка 15% при покупке в интернете

Сатып алу